Алматыда шілдеде қай көшелерде трамвай желілері алынады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда трамвай желілерін алу жұмыстары жалғасып жатыр. Шілде айында 18 көше қиылысындағы рельстер демонтаждалады, деп хабарлайды ҚазАқпарт тілшісі.

Алматыда шілдеде қай көшелерде трамвай желілері алынады

Атап айтқанда Жароков көшесі мен Тимирязев, Абай, Жандосов, Сәтпаев көшелерінің, Мақатаев көшесі мен Жангелдин, Қалдаяқов, Абылай хан, Панфилов көшелерінің қиылысындағы трамвай желілері алынады.

Сондай-ақ, Төле би көшесі мен Өтеген батыр, Розыбакиев, Тұрғыт Озал, Момышұлы, Тілендиев, Брусиловский көшелерінің қиылысындағы ескірген рельстер алынатын болады.

Қалалық Автомобиль жолдары басқармасы әзірге бұл жұмыстардың қай күні басталатынын хабарлаған жоқ. 

Бүгінде Шевченко көшесінің бойындағы Қонаев пен Төлебаев көшесіне дейінгі аймақта, Өтепов көшесінің бойындағы Жароков пен Розыбакиев арасындағы бөліктен, Қонаев көшесінің бойындағы Шевченко мен Қабанбай батыр арасындағы бөлігінде трамвай рельстері алынды.

Жоғарыда аталған қиылыстарда жол қозғалысы шектеулі болмақ.