Алматыда Шоқан Уәлихановтың 175 жылдығына арналған көрме ашылады

АЛМАТЫ. 3 Қараша. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/- Алматыда 5 қараша ҚР Орталық Мемлекеттік музейінде ағартушы-демократ, саяхатшы, географ, фольклоршы Шоқан Уәлихановтың 175 жылдық мерейтойына арналған «Шоқан ізімен» атты көрме ашылады.

Алматыда Шоқан Уәлихановтың 175 жылдығына арналған көрме ашылады

Көрмеге Орталық Мемлекеттік музейдің қорынан алынған Шоқан Уәлихановтың жеке заттарымен қатар оның жанұя мүшелерінің суреттері, хаттарының көшірмелері жәңе қолжазбалары қойылады.

Шара аясында Шоқан Уәлиханов туралы екі туындының тұсаукесері өтеді.