13:56, 27 Қазан 2009 | GMT +5
Алматыда шығып қалған мәслихат депутатының орнына сайлау өтті
АЛМАТЫ. Қазанның 27-сі. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Алматыда №6 округ бойынша шығып қалған мәслихат депутатының орнына жаңа сайлау өтті.

Бұл туралы бүгін қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Әділ Жүнісов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Әділ Жүнісовтың айтуынша, шығып қалған мәслихат депутатының орнына 11 үміткер ұсынылған. Сайлауға дейін оның алтауы түрлі себептермен шығып кеткен. Нәтижесінде сайлауға 4 үміткер қатысып, 24 мың 322 сайлаушысы бар округтен 2 мың 146 адам немесе 78,1 пайыз дауыспен Талғат Әбжаппаров мәслихат депутаты болып сайланған.
Қалалық сайлау комиссиясы төрағасының сөзіне қарағанда, дауыс беру нәтижелері бойынша ұсыныстар мен шағымдар келіп түскен жоқ.