Алматыда «Шығыс еліндегі жаңа жыл» атты Орталық Азия қолөнер көрме-жәрмеңкесі өтеді
АЛМАТЫ. Қарашаның 28-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ -Желтоқсанның 5-і күні Алматыдағы Орталық мемлекеттік мұражайда «Шығыс еліндегі жаңа жыл» атты Орталық Азия қолөнер көрме-жәрмеңкесі өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Орталық мұражайға сілтеме жасап.
Көрме-жәрмеңкені «Our Heritage»қоғамдық қоры мен «Бақыт» қолданбалы өнер орталығы ұйымдастырады. Шараға бүкіл Орталық Азия елдерінің қолөнер шеберлері қатысып, өз бұйымдарын ұсынады. Көрмеден мысалы, қолдан тоқылған кілем, текемет, киімдер, зергерлік бұйымдар, қару-жарақтар, музыкалық аспаптарды көруге болады. Көрме аясында танымал қолөнерші Зейнелхан Мүхамеджанның «Біз кесте» атты шеберлік сабақтары өткізіледі.
Бұл көрме жылда өткізілетін дәстүрлі қолөнершілер мерекесі болып табылады. Былтырғы жылы көрмені 2500-ден астам адам тамашалаған.