Алматыда шығыс пен батыстың философиялық дискурсы туралы халықаралық конференция өтіп жатыр

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 21-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда "Нұрлан Сейтахметовтың шығармашылығы: Шығыс пен Батыстың философиялық дискурсы" деген тақырыппен халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

"Ғылым ордасындағы" бұл шара Германиядағы идеализмнің адамгершілік қағидаларын зерттей отырып, соның негізінде жаңа тұлғалық философияны қалыптастыруға бетбұрыс жасаған белгілі қазақ ғалымын еске түсіруге арналып отыр. Онда Ресей, Германия, Тәжікстан, Өзбекстан мен Түркиядан ғалымдар өз елдеріндегі тұлғалық философияның дамуы туралы баяндама жасауда.

"Қазір елмізде тәуелсіздіктің 20 жылдығына дайындық жүріп жатыр ғой. Онда тәуелсіздікті қалыптасуына, бекуіне өзінің үлкен үлесін қосқан тұлғалардың есімі ұлықталып, еңбектерін насихаттау көзделіп отыр. Соның бірі философия ғылымының докторы, профессор Нұрлан Қадырұлы Сейтахметов. Ғылымды педагогикамен ұштастырып, көптеген еңбектер жазды. Оның еңбегі айрықша болды. Негізінен философиядағы адам мәселесін, тұлғалық философияны қалыптастыруға ерен еңбек сіңірді", дейді Философия және саясаттану институтының директоры, ҰР ҰҒА академигі, философия ғылымының докторы Әбдімәлік Нысанбаев. Оның айтуынша, Қазақстанның тәуелсіздігін өзге емес дәл осы жердегі халық құрып, дамытып жатыр. Оған жанын пида еткен тұлғалы азаматтардың еңбегі ескерусіз қалмау керек. Өлі риза болмай, тірі байымайды дегендей, олардың еңбегін ғалымдар насихаттап, үгіт жұмыстарын жасау керек. Ештен кеш жақсы дегендей, қазір елімізде тұлғалық философияны зерттеу мәселесі қайта қолға алынып жатыр.

Соңғы жаңалықтар