Алматыда шығыстың «Қос шынары» атанған Ә.Молдағұлова мен М.Мәметованың ескерткіштеріне гүл шоқтары қойылды
қпанның 9-ы. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бүгін Алматыда Ұлы Отан соғысының 65 жылдығы мен Әлия Молдағаұлованың туған күніне орай шығыстың «Қос шынары» атанған Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметоваға тағзым етіліп, олардың ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Шара барысында Б.Момышұлы атындағы әскери мектеп-интернат курсанттарының салтанатты шеруі болды. Сонымен қатар Ардагерлер кеңесінің мүшелері батыр қыздардың ерлігі жайында әңгімелесе, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, ақын Марфуға Айтқожина Әлия Молдағұловаға арнап шығарған өлең жолдарын оқып берді. Одан кейін Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балалар мектеп-интернатының оқушылары Манас Қайыртайұлы мен Ақан Марғұланда өз арнауларын жолдады.
«Биыл Ұлы Отан соғысының 65 жылдығын атап өтпекпіз. Оған осы бастан кірісіп, көптеген шаралар жүргізудеміз. Әлия, Мәншүктей батыр қыздарымыздың ерлігі жастарға үлгі болсын деген мақсатпен әрі кеудеміздегі патриоттық сезімді одан ары жандандыра түссек деген оймен бүгінгі шараны ұйымдастырып отырмыз», деді Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімі Марат Пірімбеков.
Аталмыш шараны Алматы қаласы, Алмалы ауданының әкімдігі, «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» Жастар қанаты «Заңғар» шығармашылық бірлестігі ұйымдастырды.