Алматыда «Шын жүрекпен бөліс - қан тапсыр» атты акция басталды

АЛМАТЫ. Ақпанның 26-ы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Donors.kz бастамашыл тобы мен қазақстандық донорлар қауымдастығы Алматыда «Шын жүрекпен бөліс - қан тапсыр» атты шара өткізеді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Акцияға қолдау білдіріп, ықылас танытқандар Республикалық немесе қалалық қан орталықтарында, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да немесе Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дағы орталықтарда қан тапсыра алады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, 18 жастан және салмағы 50 келіден жоғары кез келген адам донор бола алады. Қан өткізу үшін жеке куәлік немесе студенттік билет болуы қажет. Ұйымдастырушылар қан тапсырар кезде алкогольдік ішімдіктер ішуге, темекі шегуге, сүт өнімдерін тұтынуға болмайтынын ескертеді. Олардың айтуынша, акция түрлі аурулардың мұқтаждықтары үшін өткізілуде.

Соңғы жаңалықтар