Алматыда «SIFE-Kazakhstan- 2011» байқауы аясында ең үздік студенттік команда анықталатын болады

Байқау аясында ең үздік студенттік команда анықталатын болады.
Жобаға еліміздің ірі қалаларынан 8 команда қатысуда. Атап айтқанда, «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ» командасы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Қарағанды техникалық университеті, Тараз мемлекеттік университеті, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Демирел университеті, Алматы қаласындағы Халықаралық бизнес университеті, Туран университеті.
Бүгін финалға төрт команда өтті. Олар - «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ» командасы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Алматы қаласындағы Халықаралық бизнес университеті (UIB - Алматы). Жеңген команда биыл Малайзияда, қазан айында өтетін Халықаралық SIFE Кубогына Қазақстан атынан жолдама алатын болады. Байқауға еліміздің жетекші бизнес компанияларының топ-менеджерлері қазылық жасауда.
Осы уақытқа дейін ҚазҰУ бұл жобада үш мәрте жеңімпаз атанған болатын. Биыл ҚазҰУ-ті командасы бес брдей жобаны алға тартып отыр.