Алматыда Сирияға кетпек болған «салафит» сотталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының Алмалы аудандық сотында Қырғызстан мен Түркия арқылы Сирияға өтіп кетпек болған «салафизм» радикалды діни ағымының өкіліне қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Ол «Джабхат ан-нусра» террорлық ұйымының соғыс қимылдарына қатысу үшін Сирияға бармақ болған.

Сот үкімімен М есімді айыпталушыға ҚР ҚК  24-бабының 1-ші бөлігі, 257-бабының 2-ші бөлігі бойынша айып тағылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды.Сондай-ақ оның жеке мүлкі тәркіленеді және ол орта деңгейдегі қауіпсіздік жүйесіндегі қылмыстық-түзеу мекемесінде жазасын өтейді.

Алматы қалалық сотының Қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының 2017 жылғы 1 тамыздағы қаулысымен оған қатысты Алмалы аудандық соты шығарған басты сот үкімі өзгеріссіз қалдырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Соңғы жаңалықтар