Алматыда соғыс ардагерлерінің семинары аяқталды

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 24-і. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Алматы және Астана қалалары соғыс ардагерлері кеңесінің дәстүрлі семинары аяқталды. Бүгін семинар соңында қатысушылар 28 Гвардияшы-Панфиловшылар ескерткішінің алдында гүл шоқтарын қою рәсімін өткізді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Соғыс ардагерлерінің семинары қыркүйектің 22-сі күні басталған болатын. Биыл да өз жалғасын тауып отырған дәстүрлі соғыс ардагерлерінің семинарына республикамыздың қалаларынан біршама қатысушылар келді. Семинар барысында ардагерлер көкейлеріндегі сұрақтарды талқыға салып, қордаланып отырған маңызды мәселелердің шешу жолдарын қарастырды. Олардың айтуынша кешегі күнді ұмытпай, тарихтың шын бағасын беру - ертеңгі болашақ ұрпақ алдындағы парыз іспеттес.Салтанатты шарада мәңгі алаудың алдына гүл шоқтары қойылып, соғыс жылдарындағы әндер шырқалды.

Соңғы жаңалықтар