Алматыда соқтығысқан екі көлік жанып кетті
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы жол-көлік апатынан екі автокөлік жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қалалық ТЖД-ның баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, апат түнде әл-Фараби даңғылындағы 73-үй маңында болған. Toyota Camry көлігі Audi маркалы автокөлігіне соқтығысқан және өрт тұтанған.
«Өрт 03.41-де ауыздықталды және 03:45-те толық сөндірілді. Оған жеке құрамнан 12 адам және 2 дана техника жұмылдырылды», - деп хабарлады Алматы қалалық ТЖД-ның ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.
Сондай-ақ, расталмаған ақпарат бойынша, екі жүргізуші мен полиция қызметкері жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілген.