Алматыда сот орындаушылар палатасының басшысы лицензиясынан айырылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы қаласындағы Бостандық аудандық соты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің шағымы бойынша, 3 сәуір күні Алматыдағы аймақтық жеке сот орындаушылар палатасының басшысы Серік Нұғымановты жеке сот орындаушы лицензиясынан айыру туралы азаматтық істі қарады. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Бостандық аудандық сотының шешімімен Серік Нұғмановтың лицензиясының жарамдылығы тоқтатылды. Республикалық жеке сот орындаушылар палатасына Серік Нұғымановты мүшелікке алуға және оған Алматы қаласында аймақтық жеке сот орындаушылар палатасында басшылық қызмет етуге тиым салынды.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінен бұған дейін Серік Нұғымановтың жемқорлыққа қатысты істерге бой алдырып және ол істің тоқтатылуына байланысты шағым түскен болатын.
Белгіленген Заңға сәйкес жемқорлық жауапкершілікке тартылған тұлға жеке сот орындаушы болып жұмыс істей алмайды.