Алматыда Спид-ке қарсы республикалық акция өтті
АЛМАТЫ. 21 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Кеше Алматы қаласының Концерт залында «Бимен шұғылдан! Би СПИД-ке қарсы» атты республикалық акциясы өтті.
Шара Спид-пен халықаралық күрес күніне арналып отыр. Оған әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Қазақ мемлекеттік ҚызПУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, ҚазБСҚА, ҚМЭБИ мен АМТУ және басқа да ЖОО-ның би топтары қатысты.
Акцияны мүмкіндігі шектеулі адамдардан құралған «Біз сіздермен біргеміз» қоғамдық бірлестігі, Салауатты өмір салтын қалыптастыру ұлттық орталығы, Алматы қалалық жастар саясаты басқармасы мен «Нұр Отан» ХДП-ның жергілікті филиалы бірлесе ұйымдастырып отыр.
Әлемде, оның ішінде Қазақстанда да ВИЧ жұқтырушылар саны азаймай отыр. Ал ВИЧ инфекциясын жұқтырғандардың 75 пайызын 10-35 жас аралығындағылар құрайды.