13:57, 29 Мамыр 2016 | GMT +5
Алматыда спорт фестивалі ашылды (ФОТО)
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда халқаралық Олимпиада күніне орай Спорт фестивалі ашылды. Бүгін «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында бұқаралық спортты дəріптеуге бағытталған велошеру өтті.

Велосипедшілер тобы жаңа маршрут бойынша тізілді. Сөре сызығы əдеттегідей «Нұрлы-Тау» бизнес орталығынан басталып Шығыс айналма жолымен Горький атындағы орталық мəдениет жəне демалыс саябағында тұйықталды.
Финиште велосипед қозғалысының жақтастары ауыр атлетика, қол күресі, workout, кроссфит, трикинг, strongman, armLifting сынды спорт түрлерінен сайыстарға қатысты. Сондай-ақ, келушілер арнайы ашылған жəрмеңкеде сапалы спорттық киім, құрал-жабдық, адам денсаулығына пайдалы азық-түлік өнімдерін сатып алуға мүмкіндік алды.