Алматыда спорт фестивалінде 60 жастағы қария мен 10 жасар қыз жұртты таң қалдырды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда республикалық Tartyl Fest спорт фестивалінде 60 жастағы Шәкер Смағұлов пен 10 жасар Вероника Соклакова жұртты таң қалдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Спорт фестивалінде Пара жүзуден Қазақстан чемпионы, 60 жастағы Шәкер Смағұлов 26 рет, ал 10 жасар Вероника Соклакова 21 рет турникке тартылды.

Шәкер Смағұловтың айтуынша, ол бала күнінен турниктен түспей өскен.

«Бүгін 26 мәрте тартылдым. Маған суға жүзгенге күш керек. Сол үшін турникке әлі тартылып жүрмін. Менің бір ұлым мен бір қызым бар. Ұлым да спортшы. 7 немерем бар. Бәрін де спортқа баулитын боламын», - деді Шәкер Смағұлов.

Ал кішкентай Вероника спорттық гимнастикаға қатысып жүргеніне екі жыл болыпты.

Алматы әкімдігі Пара жүзуден Қазақстан чемпионы Смағұлов Чакерді «Жеңіске деген жігері үшін» арнайы наградамен марапаттады. Ал 10 жасар Вероника ҚР Президенті Іс басқарушысының марапатына ие болды.


Соңғы жаңалықтар