Алматыда Спорт күні мерекесінде веложарыс өтеді
АЛМАТЫ. Тамыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Айгүл Тұрысбекова/ - Алматыда тамыздың 16-сында веложарыс өтеді. Бұл шара Спорт күніне орай және Азиада-2011 Ойындарын қолдау мақсатында өткізілмек.
Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне қалалық туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы бұқаралық спорт бөлімінің бас маманы Алмас Маханбетияров хабарлады.
Акция мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау, дене тәрбиесі мен спортты қолдау. Веложарысқа тілек білдірген адамдардың барлығы да қатыса алады. Жарысқа қатысушылардың сөресі Әл-Фараби-Фурманов көшелерінің қиылысында басталады. Жарыс Науаи-Әл-Фараби көшелерінің қиылысында дендросаябақтың жаныда аяқталады. Жолдың ұзындығы - 8 шақырым.
А.Маханбетияровтың айтуынша, ұйымдастырушылар жеңімпаздар мен жүлдегерлерге жүлделер әзірлеп отыр.