Алматыда спорт күні мерекесіне орай веложарыс ұйымдастырылады
АЛМАТЫ. Тамыздың 15-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда тамыздың 16-сында спорт күні мерекесіне орай қала тұрғындары арасында веложарыс өткізіледі,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оны Алматы қаласының әкімшілігі ұйымдастырады. Халықаралық бизнес академиясы, Алматы қаласының велоспорт федерациясы да өз үлестерін қосады. Бұл жарысқа қатысушылар онда жас ерекшелігіне қарай бірнеше топқа жіктеледі. Мәселен, жасы 50-ден асқандар бір топқа, жасы 30-бен 50-дің арасындағылар екінші топқа, 18-бен 30-дың аралығындағылар үшінші топқа, ал 18 жасқа дейінгілер төртінші топқа топтастырылады. Оған қала әкімі Ахметжан Есімов те қатыспақ. Әл-Фараби мен Фурмунов көшелерінің қиылысынан басталатын бұл дүбірлі доданың мәресі әл-Фараби мен Науаи көшелерінің қиылысы болады. Онда жарысты ұйымдастырушылар шараға қатысушылардың бәріне арнайы сый кәделер ұсынып, дипломдар табыс етеді деп жоспарланып отыр.