Алматыда Спорт күніне орай бұқаралық жүгіруден жарыс өтті

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оны Медеу ауданы әкімінің аппараты Алматы марафоншылар клубымен бірлесе ұйымдастырды. Шараның мақсаты халық арасында салауатты өмір салтын насихаттауға және Президент Жолдауына сай, халықтың 30 %-ын бұқаралық спортқа кеңінен қамтуға бағытталған.
«Дені сау ұрпақ - еліміздің жарқын болашағы. Елімізде жыл сайын атап өтілетін Спорт күнімен баршаңызды құттықтаймын. Халық арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруда осындай шаралардың маңызы ерекше», деді Алматы қаласы Медеу ауаны әкімінің орынбасары Берік Мұстафин.
Сонымен қатар, салтанатты шарада Сидней Олимпиадасының жеңімпазы Ольга Шишигина да болып, қатысушыларды құттықтады.
Спорт күні Қазақстанда Республика Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2003 жылғы 15-ші қарашасында жарық көрген Жарлығына сәйкес, тамыздың үшінші жексенбісінде аталып өтіледі.
Жарысқа 14 жасқа дейінгі балалар мен әйелдер және ересектер қатысты. Жарыс соңында жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар тапсырылды.