Алматыда спорттық құзға өрмелеуден Орталық Азия жастар чемпионаты өтеді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шілденің 21-24-ті аралығында Алматыда спорттық құзға өрмелеуден Орталық Азия жастар чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz.
Турнирге Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан елдерінен 150-ден астам спортшы қатысады.
Медальдардың ұтыс ойыны екі пән бойынша өткізіледі: қиындық пен жылдамдыққа төтеп беру.
Фото: olympic.kz