Алматыда спорттың қысқы түрлері бойынша олимпиада резервтерін даярлау орталығы ашылды
АСТАНА. Тамыздың 11-і. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Алматыда спорттың қысқы түрлері бойынша олимпиада резервтерін даярлау орталығы ашылды.
Бұл жөнінде Астанада Спорт күніне арналған салтанатты жиында ҚР Туризм және спорт министрі Темірхан Досмұханбетов мәлім етті.
2011 жылғы 7-ші қысқы Азия ойындарына спорттық резервтерді сапалы даярлау мақсатында Алматы қаласында спорттың қысқы түрлері бойынша олимпиада резервтерін даярлау орталығы ашылды. Сонымен қатар, жеті республикалық олимпиада даярлық орталықтары құрылды.
«Астана қаласында велотрек, Щучье қаласында шаңғымен секіруге арналған трамплин кешені бар шаңғы-биатлон стадионының және Алматы қаласының маңында республикалық олимпиада резервтерін даярлау орталығының құрылыстары аяқталуда», - деді Т.Досмұханбетов.