Алматыда «Сталиндік кезеңдегі Қазақстандық бірінші басшылар» атты кітап жарық көрді
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аталмыш кітаптың авторлары тарих ғылымдарының докторлары мен профессорлары Владислав Григорьев пен Ләйла Ахметова. Кітап Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің баспасынан жарық көрді.
Шығармада Сталин кезеңіндегі Қазақстанның бірінші тұлғалары туралы тарихшылар мен саясаткерлердің ой-толғанысы берілген. Әр бөлім, әр саясаткердің қызмет жолына арналған. Сондықтан бұл кітап саяси тарих жанрына жатқызылып отыр.
«Кітап 1924-1953 жылдарды қамтыған, сталиндік кезеңде Қазақстанды басқарған Филипп Голошекин, Левон Мирзоян, Николай Скворцов, Жұмабай Шаяхметов туралы көптеген мағлұматтарымен құнды. Өйткені, материалдардың 90 пайызы, бұған дейін еш жерде жарияланбаған жаңа деректер. Мен Мәскеудің кітапханалары мен мұрағаттарында, сондай-ақ ҚР Президентінің мұрағатында зерттеу жүргізіп, жұмыс істедім. Біз ХХ-шы ғасырдың көшбасшылары туралы білуіміз керек, бұл біріншіден өз тарихымызды түгендеу үшін қажет», деді таныстырылым барысында Ләйла Ахметова.
Ғылыми еңбек студенттерге, педагогтарға, журналистерге, саясаткерлерге, әлеуметтанушыларға және ХХ ғасыр тарихы мәселелері қызықтыратын оқырмандарға арналған.