Алматыда «Сталинге сыйлық» фильмін түсіруге қатысушылармен кездесу өтті

АЛМАТЫ. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Бүгін Алматыда «Сталинге сыйлық» фильмін түсіруге қатысушылармен кездесу болып өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұқаралық ақпарат құралдарымен болған кездесуде фильмдегі басты рөлдерді сомдаған Нұржұман Ықтымбаев, Бақтияр Қожа, Дален Шынтеміров және режиссері Рүстем Әбдірашев киноны түсіру кезінде болған қызықты оқиғалар жайлы әңгімеледі. Р. Әбдірашевтың айтуынша, кино осы уақытқа дейін бірқатар халықаралық байқауларға қатысқан. Фильмде Ұлы Отан соғысынан кейінгі кезеңдердегі Қазақстандағы жағдай бейнеленеді. Сол замандағы елімізге ауып келген өзге ұлт өкілдерінің тағдырларын суреттей отырып, қазақ халқының кең пейілділігін, жомарттығын ашып көрсетуге тырыстық. Сол арқылы әлемге қазақ халқының кім екендігін таныту көзделді. Қазіргі күні Францияда, Германияда өтетін кинофестивальдерге қатысуға дайындалып жатырмыз», - деді режиссер. Айта кетер тағы бір жайт, Р. Әбдірашев жуық арада жаңа фильм түсірмек ойы бар екендігін жеткізді. Ол бұл туындысын қазіргі жастарға арнамақ.
Соңғы жаңалықтар