Алматыда стритболдан «Көше лигасы 3*3» қалалық турнирі басталды (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыдағы «Выше Крыши» спорт кешенінің жазғы алаңында «Көше лигасы 3*3» турнирінің ресми ашылуы өтті.
Қалалық дене тәрбиесі және спорт басқармасының хабарлауынша, бұқаралық спортты дамытуға арналған «Спорттық Алматы» ауқымды қалалық бағдарламасы аясында өткізілген турнирге оңтүстік астананың 32 командасы қатысуда.
Маусым бойы барлық командалар демалыс сайын (сенбі және жексенбі күндері) бір-бірімен кездесіп, мықты спорттық ұжымды анықтайтын болады. Айта кетерлігі, апта сайынғы кездесулер қаланың барлық аудандарында да өткізіледі.
Тұрақты маусымның ашылу салтанатына қала әкімі Бауыржан Байбек қатысып, алғашқы допты лақтыру рәсіміне ие болды. Сонымен қатар кәсіби баскетболшылар да бұл шараға атсалысып, көрермендер алдында тамаша ойын өрнегін көрсетті.