Алматыда студенттер арасында шахмат, тоғызқұмалақтан үздіктері таңдалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында жоғары оқу орындарының студенттері арасында шахмат, дойбы, тоғызқұмалақтан жарыс өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат қаланфың ақпараттық-спорттық хабына сілтеме жасай отырып.
11 университеттен келген 200-ге жуық студент №12 Ш.Уәлиханов атындағы гимназия мектебінде Швейцария жүйесіне сайкес 5 турдан тұратын жарыста өз бақтарын сынады. Көп ұпай жинаған қатысушылар осы сайыстын жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды.
Нәтиже бойынша шахматтан ұлдар арасында: Бақытжан Сембаев (IT), Мұхит Әбиназаров (СДУ), Нұрболат Иманғалиев (КазҰТЗУ), ал, қыздар арасында Арайлым Қалиасқарова (ҚазҰАУ), Айдана Бейсенова (IT) және Альфия Тұраханқызы жүлдегер атанды.
Тоғызқұмалақтан ұлдар арасында жүлдеге Ерасыл Қуанышбаев (ҚазҰТЗУ), Манас Нұрлыбаев (ҚазҰТЗУ), Самад Сулеймен (IT), ал, қыздардан Бақытжан Қадылбек (СДУ), Хилола Мамешова (ҚазХҚжӘТУ). Айдана Дарменова (ҚазҰАУ) қол жеткізді.
Дойбы жарысында ұлдардан үздіктер қатарынан Сағынтай Орынғалиев (СДУ), Санжар Ермек (СДУ), қыздардан Балайым Даулетханқызы (ҚазҰАУ), Көгершін Тілеген (СДУ) және Мәдина Доскенова (УжА) табылды.
«Бірінші орын алғаным үшін қуандым. Дайындық пен еңбектін арқасында осындай нәтиже көрсеттім деп ойлаймын. Өзім алтыншы сыныптан бастап шахматпен айналысамын, алдағы уақытта арманым шахматтан биік жетістіктерге жету», - деп шахматтан қыздар арасында жеңімпаз атанған ҚазҰАУ студенті Арайлым Қалиасқарова өз ойымен бөлісті.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом және медалдармен, сонымен қатар естелік сыйлықтармен марапатталды.
Айта кетсек, «Спорттық Алматы» бағдарламасы қаладағы бұқаралық спортты дамытуға бағытталған. Биылғы жылы колледж және ЖОО студенттері арасында баскетбол, арқан тарту, гір көтеру, жеңіл атлетика, армрестлинг, үстел теннисі, бадминтон, волейбол және шағын футболдан жарыстар өткізілмек.