Алматыда студенттер арасында ТЖ-ға арналған оқу-жаттығу жиыны өтті

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Кеше Алматыдағы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясында «Жер сілкінісі, оның пайда бола бастауы, зілзаладан кейінгі және өрт жағдайлары мен эвакуациялаудағы тұрғындардың қорғануы» тақырыбында төтенше жағдайлар мен өрт қауіпсіздігіне арналған оқу дабылы болып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар бағытында өткен бұл оқу-жаттығу жиынын аталмыш оқу орны Бостандық аудандық ТЖ аудандық бөлімшесімен бірлесе ұйымдастырды. Оған Академияның оқытушылары мен студенттерінен құралған 3800 адам және Бостандық аудандық ТЖАБ-нің қызметкерлері қатысты. Оқу-жаттығудың жиынының мақсаты тұрғындардың ТЖ кезіндегі шара қолдану жағдайларынан теориялық білімдерін арттыруға бағытталған.

«Бүгінгі өткізіліп отырған шара академиямыздың студенттері мен мұғалімдерінің Азаматтық қорғаныс саласындағы білімдерін арттырып қана қоймай, ТЖ кезіндегі азаматтық қорғаныс штабтары маңызының артуына да үлес қосады. Сонымен бірге, азаматтық қорғаныстың әр уақыттағы дайындығын қамтамасыз етеді», дейді ҚазБСҚА-ның құрылыс технологиясы, инфраструктура және менеджменд факультетінің АҚ және ТЖ жөніндегі ассоциациялық профессоры Бибінұр Тәжіғұлова.

Оқу-жаттығу барысында қатысушылар әр түрлі деңгейдегі төтенше жағдайларға қарсы қорғаныс шараларын көрсетті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұндай шара болашақта да жалғасатын болады.

Соңғы жаңалықтар