Алматыда студенттер форумы өтті
АЛМАТЫ. Наурыздың 27-сі. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Бүгін Қазақ ұлттық аграрлық университетінде ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың биылғы Жолдауына байланысты Алматыдағы жоғары оқу орындары студенттерінің форумы өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын жастар ерекше қолдайды. Президентіміз елімізде дағдарыстан шығудың шараларын белгілеп берді. Соның ішінде, жастар мен студенттерді дағдарыс кезінде қолдауға ерекше назар бөлініп отыр. Елбасының үкіметке 11500 грант пен 40 мың несие бөлуді тапсыруы әлем мемлекеттерінде болмаған қамқорлық. Біздің университеттің 144 студенті осы наурыз айынан бастап қосымша берілген гранттардың иегері атанды», деді өз сөзінде ҚазҰАУ ректоры Т. Есболов.Жиында жоғары оқу орындарының жастар комитеті мен «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері бас қосты. Онда Елбасының биылғы «Дағдарыстан ? дамуға» Жолдауында аталған басты мәселелер бойынша студенттер пікірі ортаға салынды.