Алматыда студенттер Халықаралық әйелдер күні қарсаңында сенбілік өткізді

АЛМАТЫ. Ақпанның 21-і. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Бүгін Алматыда 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнін атап өту қарсаңында сенбілік ұйымдастырылды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл бастаманы М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының студенттері қолға алып отыр. Студенттер университетке қарасты оқу корпустарын және Студенттер үйінің, жатақхана бөлмелерін тазалау жұмыстарын жүргізді. Жалпы, әйелдер күніне орай сенбіліктен өзге бірқатар шаралар жоспарланып отыр. Соның ішінде мерекелік шаралар, түрлі конкурстар ұйымдастыру бойынша жұмыстар атқарылуда.
Соңғы жаңалықтар