14:06, 23 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Алматыда студенттердің «Берекелі алтын күз» сайысы өтті
АЛМАТЫ. Қыркүйектің 23-і. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Кеше Алматыдағы «Ару-ана» мейрамханасында «Берекелі алтын күз» атты университеттер студенттерінің сайысы болып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Шараны «Ару-ана» продюсерлік орталығы Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту басқармасының қолдауымен ұйымдастырып отыр. Сайыстың мақсаты студенттердің өзара байланысын нығайту, өнеге, салауатты өмірге, мәдениетке баулуға бағытталған. Оған еліміздің жетекші оқу орындары: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері, Қазақ мемлекеттік ҚызПУ-нің «Ақтұмар» тобы, ҚазҰАУ-нің «Алтын дән» тобы, Абай атындағы ҚазҰПУ-нің «Апорт» тобы және Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ тобы қатысты.
Жарысқа қатысушылар 5 аталым бойынша сынға түсті. Қорытындысында 1-ші орынды «Ақтұмар» тобы иеленсе, 2-ші орын «Апорт» тобына бұйырды. Мерекелі кеш барысында эстрада жұлдыздары өнер көрсетті.