16:26, 07 Сәуір 2010 | GMT +5
Алматыда студенттердің ІІ Халықаралық ғылыми конференциясы өтеді
АЛМАТЫ. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда сәуірдің 8-і күні «Қазақстан халықаралық білім кеңістігінде» тақырыбында студенттердің ІІ Халықаралық ғылыми конференциясы өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Дәстүрлі түрде биыл екінші рет өткелі отырған бұл шараны Қазақтың Абай атындағы ұлттық педагогика университетінің дайындық факультеті ұйымдастырып отыр. Конференцияға Мысыр, Иран, Корея, Қытай, Палестина, Ресей және Түркия сияқты шет елдердің ғылыми қызметкерлері, магистранттары мен студенттері қатыспақ. Оның ашылу рәсіміне Мысыр, Иран, Корея, Ресей, Қытай, Түркия елшіліктерінен өкілдер келеді деп жоспарланып отыр. Конференция жұмысының негізгі бағыттары - педагогика ғылымдары, тіл мен әдебиетті оқыту әдістемесі, филология ғылымдары және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер болмақ.