Алматыда студенттердің КТК сайысы өтті

АЛМАТЫ. Қазанның 15-і. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Бүгін Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-де жоғары және арнайы орта оқу орындары арасында КТК сайысы болып өтті.

Алматыда студенттердің КТК сайысы өтті

Оны аталмыш университет пен Әуезов аудандық әкімдігі, «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» Жастар қанатының «Жас саясаткер» Жастар комитеті бірлесе ұйымдастырып отыр. Шараға Қазақ қатынас жолдар университеті мен Алматы технологиялық университеті және 9 колледж КТК командалары қатысты. Сонымен бірге, «Серілер» және «Дэнар» эстрада топтары өнер көрсетті. Жарыстың жеңімпаз командалары ертеңгі «Family» саябағында өтетін «Студенттер достастығы» мерекелік концертінде марапатталады.