Алматыда студенттік БАҚ-ның 1-ші ұлттық форумы өтеді

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 21-і. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Алматыда қыркүйектің 28-29-ы күндері Қазақстандағы студенттік БАҚ-ның 1-ші ұлттық форумы өтеді,

Алматыда студенттік БАҚ-ның 1-ші ұлттық форумы өтеді

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оған қатысушылар студенттік журналистиканың өзекті мәселелерін талқылайды, өзіндік жекелей және кәсіпқойлық дағдыларын қалыптастырады және қазақстандық медиа нарығының майталмандарымен жүздесетін болады.

Екі күндік шара барысында белгілі журналистер және медиа-сарапшылардың қатысуымен отырыстар өтеді. Онда БАҚ-ның өзін-өзі қаржыландыру және ұстаным қалыптастыру жолдары, берілетін ақпаратқа сұраныс, редакция ұжымының бірлесе жүргізетін тиімді жұмыстары және басқа мәселелер талқыланады. Талқылау қорытындылары бойынша, еліміздің студенттік БАҚ-на ұсыныстар жасалады.

Сонымен қатар, танымал журналистер, бизнес-жаттықтырушылармен шеберлік сабақтарын өткізу көзделіп отыр. Кәсібилермен барлығы 20 кездесу өткізіледі.

Форум аясында студенттік БАҚ арасында «Үздік газет», «Үздік фототілші», «Үздік экономикалық мақала», «Үздік әлеуметтік мақала», «Билік және біз», «Жас Қазақстан келбеті», «Сенсация», «Үздік сұхбат» аталымдары бойынша байқау өткізіледі.