19:17, 03 Желтоқсан 2015 | GMT +5
Алматыда студенттің өліміне байланысты комиссия құрылды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Бүгін Алматыда Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде 4-ші курс студентінің өліміне байланысты арнайы комиссия құрылды. Бұл туралы аталмыш жоғары оқу орнының баспасөз қызметінен хабарлады.
Комиссия қайғылы оқиғаның себептерін, мән-жайын анықтайтын болады. Оның құрамына университет ректоры, оқытушылары және заңгерлері енді. Айта кетелік, бұл оқиға 30 қараша күні Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің бас корпусында болған. Әзірге мәлім болғандай, 4 курстың екі студенті арасында жанжал орын алады. Ұрыс-керіс барысында бір студент екінші студентке пышақ сұғып алады. Соның салдарынан жәбірленуші оқиға орнында жантәсілім еткен. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.