Алматыда су арзандайды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда ақпаннан бастап судың тарифі 4%-ға арзандайды деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сумен қамту және су ағызу саласында тариф 2014 жылдан бері өзгермеген. Басқа өңірлермен салыстырғанда Алматыда тариф ең төмен аймақтарға жатады. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап су мен кәріз жүйесінің тарифі 10%-ға арзандаған болатын. Бұл құны 700 млн теңге болатын инвестициялық бағдарламаға кететін шығынды оңтайландырған кезде үнемделді. Қаладағы монополист «Алматы су» 2020-2024 жылғы тарифті бекітуге өтінім берген болатын. Өтінімді қарай келе Департамент сумен қамту тарифін 4%-ға азайтты. Жүктеменің көпшілігі бюджеттік ұйымдарға, заңды тұлғаларға жіберілді. Кәріз жүйесінің тарифі сол күйінше қалды», - деді Алматыда өткен брифинг барысында ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы Болат Самбетов.

Оның айтуынша, 5 жылға бекітілген тариф 2025 жылға дейін өзгермейді. Тарифтің өзгеруіне тек тек стратегиялық тауар – электр стансаларында өндірілетін электр энергиясының қымбаттауы ғана ықпал ете алады.

«Ең арзан су мен кәріз жүйесі Алматыда. Ақпан айынан бастап судың тарифі 4 пайызға төмендейді», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар