Алматыда су басу қаупі бар 17 аумақ анықталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда су басу қаупі бар 17 аумақ анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті су басып қалатын 17 учаскені есепке алды. Бүгінгі күні азаматтық қорғау қызметтерінің күштері мен құралдары (арнайы техника) жауын-шашын басталғанға дейін инертті материалдар әзірледі.

Бүгін 29 наурыз күні су басып қалған 6 оқиға тіркелді, оның 5-і қалпына келтірілді.

Жалпы, соңғы бес жыл ішінде қалада 497 шақырым арық желілері салынды, 40 шақырымнан астам өзен арналары қайта жасалды және нығайтылды. Жүргізілген іс- шаралар су басып қалуы учаскелер санын 3,5 есеге азайтты. Алматы қаласы бойынша 376 шақырым арық желілерін салу және реконструкциялаудың ЖСҚ әзірленуде. Аталған жобаны іске асыру 2021-2023 жылдарға жоспарланған.

Айта кетейік, су астында қалған көшелердегі көріністі тұрғындар суретке, видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге салып жатыр.



Соңғы жаңалықтар