Алматыда су добынан FINA Әлемдік лигасының суперфиналдық ойындары өтіп жатыр

АЛМАТЫ. 13 маусым. ҚазАқпарат - Кеше Алматыда су добынан  ерлер командалары арасында FINA Әлемдік  лигасының суперфиналдық ойындары басталды.

Алматыда су добынан FINA Әлемдік  лигасының суперфиналдық ойындары өтіп жатыр

Алты күнге созылатын бұл дүбірлі доданы жарыс қожайындары сәтсіз бастады. Олар АҚШ құрамасына алғашқы ойында 11:8 (4:3, 4:2, 2:0, 1:3) есебімен есе жіберді. Ал итальяндықтар қытайлықтарды (10:9), хорватиялықтар австралиялықтарды  (14:11) ұтса, бразилиялықтар испаниялықтардан (3:8) жеңіліс тапты. Бүгін  АҚШ пен Қытай, Хорватия мен Испания, Бразилия пен Австралия, Италия мен Қазақстан құрамалары өзара жұп құрайды.  Ал ертең топтық кезеңнің соңғы кездесуін хорваттар - бразиялық,  австралиялықтар - испандық, қытайлар қазақстандық спортшылармен өткізеді.