Алматыда су добынан республикалық біріншілік өтуде

АЛМАТЫ. Қазанның 25-і. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Алматыдағы Орталық жүзу бассейнінде су добынан 1995 жылы туған қыздар мен жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының біріншілігі өтуде.

Алматыда су добынан республикалық біріншілік өтуде

Біріншілікті Қазақстанның су спорты түрлері қауымдастығы ұйымдастырып отыр. Оған Алматы, Тараз, Қарағанды, Астана және Орал қалаларының командалары қатысып жатыр. Қазанның 23-і күні басталған біріншіліктің соңғы ақтық ойындары осы айдың 27-сі күні өтеді.

Жарыстың мақсаты көпшілікке су добы спортын үгіттеп-тарату, жас ұрпақты есірткісіз салауатты өмір салтына баулуға бағытталған. Ұйымдастырушылар сайыс қорытындысы бойынша, жеңімпаз спортшылардың Республикалық команда құрамына алынатындығын мәлім етті. Соның негізінде, құрама Ресейдің Челябі қаласында өтетін ашық чемпионатына қатысатын болады.