Алматыда су құбыры жарылып, 15 үйдің тұрғындары сусыз қалды

АСТАНА. Наурыздың 24-і. ҚазАқпарат - Алматыда су құбыры жарылып, 15 үйдің тұрғындары сусыз қалды,

Алматыда  су  құбыры жарылып,  15 үйдің  тұрғындары  сусыз  қалды
деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Атап айтқанда наурыздың 23-і күні сағат 9.15-те Бұқар жырау және Шағабутдинов атындағы көшелердің қиылысында диаметрі 200 мм су құбыры жарылды. Оқиға салдарынан «Көктем» ықшамауданында бес қабатты 15 тұрғын үй сусыз қалды. «Алматы ?Су арнасы» коммуналдық кәсіпорнының арнайы бригадасының күшімен сағат 13.40-та үйлерге су қайта берілді.