Алматыда су құбыры желілерін жөндеуге байланысты бірнеше көше уақытша суық сусыз қалады

АЛМАТЫ. 16 шілде. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Алматыда су құбыры желілеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу себепті сол маңдағы тұрғындар суық сусыз қалады,

Алматыда су құбыры желілерін жөндеуге байланысты бірнеше көше  уақытша суық сусыз қалады

деп хабарлайды "Алматы Су Холдингі" МКК-нің баспасөз қызметі.

Жөндеу жұмыстарының басым бөлігі бірнеше күн Алматының бұрынғы орталығы мен қаланың төменгі бөлігінде болады. Тек тұрғын үйлер ғана емес, сауда кешендері мен мәдени, әлеуметтік мәнге ие мекемелер мен емханалар, аурухана, балабақша, қонақүй, тіптен өрт сөндіру бөлімшесі мен аудандық ішкі істер органдарының бірі де суық сусыз қалмақ.

"Алматы Су Холдингі" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны уақытша қолайсыздықтар үшін тұтынушылардан кешірім сұрады.