Алматыда су ресурстарын басқаруды ЖОО оқу бағдарламаларына енгізу мәселелері талқыланбақ

АЛМАТЫ. Қаңтардың 31-і. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Алматыда ақпанның 4-і күні «Су ресурстарын ықпалдаса басқару мәселелерін Қазақстан мен Орталық Азия университеттерінің оқыту бағдарламаларына енгізу» деген тақырыпта семинар өтпек,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат «ҚР орнықты дамуына қолдау көрсету» орталығына сілтеме жасай отырып. Семинар «Су ресурстарын ықпалдаса басқару бойынша бастапқы оқу бағдарламалары мен оқу материалдарын жоғарғы оқу орындары үшін факультативті сабақ ретінде әзірлеу» жобасының аясында өтеді. Жоба ЮНЕСКО-ның Алматыдағы кластерлік бюросының техникалық қолдауымен жүзеге асуда. Оның мақсаты ? қажетті мамандарды дайындауға жәрдем жасау. Аталған курсты жасау Қазақстан мен Орталық Азиядағы өзге де елдер үшін маңызды, өйткені ол халықаралық құжаттар мен міндеттемелерге толықтай сәйкес келеді. Семинарға Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің, Білім және ғылым министрлігінің, ҚР Ауылшаруашылық министрлігінің Су ресурстары комитетінің, Балқаш-Алакөл экология және орнықты даму департаментінің, ЮНЕСКО-ның Алматыдағы кластерлік бюросының, Астанадағы ЕҚЫҰ орталығының өкілдері, сондай-ақ сарапшы мамандар, ЖОО мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысады.
Соңғы жаңалықтар