Алматыда су спортынан дәстүрлі біріншілік өтті

АЛМАТЫ. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда су спортынан №5 балалар мен жасөспірімдердің мамандандандырылған кешенді техникалық спорт мектебінің дәстүрлі біріншілігі өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оқушылардың қысқы демалысы кезінде ұйымдастырылатын бұл бәсекеге биыл жүзден астам үміткер қатысты. Бірнеше күнге созылған сайысқа ұлттық дәрежедегі төреші Юрий Куцель бастаған қазылар алқасы төрелік жасады. Онда 25 метрлік сында (ластадан) Дархан Жұбайхан мен Сания Садықова, 100 метрлікте Жанелия Бекбергенова мен Игор Куликов үздік шықты. Ал 50 метрлік қашықтықта (моноластадан) Нұрсұлтан Тұрлыбеков пен Ақмарал Бекбергенованың өзгелерден мерейі үстем болды. Жалпы қазіргі таңда Алматыда жүзу спортынан балалар мен жасөспірімдер үш жерде ғана спорттық дайындықтан өтеді. Оған №5 балалар мен жасөспірімдердің мамандандандырылған кешенді техникалық спорт мектебі мен «Отан» және Армияшылардың орталық спорт клубтары еніп отыр.
Соңғы жаңалықтар