Алматыда су желісіндегі құбырдың жарылуынан асфальт опырылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Сайын мен Торайғыров көшелерінің қиылысында асфальттің опырылуы су желісіндегі құбырдың жарылуы салдарынан орын алды. Бұл туралы бүгін «Алматы Су Холдингі» мемлекеттік кәсіпорнының баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

«Бұл жерде сумен қамтамасыз ету желісінде жөндеу жұмыстары жүріп жатқан болатын. 20 қазанға қараған түні суық су ағатын құбыр жарылып кетіп, асфальтта ені төрт метрлік шұңқыр пайда болды», - делінген хабарламада. Оқиға орнына «Алматы Су Холдингі» мемлекеттік кәсіпорны мен Әуезов ауданының жөндеу бргидалары келіп жетті. Қалпына келтіру жұмыстарына үш КамАЗ, өзі аударғыш екі жүк көлігі және бір экскаватор жұмылдырылды. «Алматы Су Холдингі» кәсіпорнының баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі сәтте құбыр бекітіліп, судың сыртқа ағуы тоқтатылды. Жақын маңдағы тұрғын үйлерге ауыз су беріле бастады.

Соңғы жаңалықтар