Алматыда Субару апатқа ұшырады: ішіндегі 3 ер адам мас болған

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Субару көлігі апатқа ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда Субару апатқа ұшырады: ішіндегі 3 ер адам мас болған

null

Жол апаты Бөкейханов көшесінің бойында болған. Бұл көшеде тек оңтүстік бағытта жүруге рұқсат берілген. Куәгерлердің айтуынша, Субару солтүстік бағытпен келген. Оң жаққа бұрылған кезде жүргізуші рөлге ие бола алмай қалып, жарықтандыру бағанын соққан. Көліктің арт жағы өзен қоршауын майыстырып тоқтады.

null null 

Куәгерлердің айтуынша, көлікте 3 ер адам болған. Үшеуі де мас болған. Әзірге кімнің рөлде отырғаны белгісіз.

null 

Жедел жәрдем 1 жігітті ауруханаға алып кетті.

null null