Алматыда «Субару» жүргізушісі бірқатар көліктің соқтығысуына себепкер болды
Жол апаты Шәріпов көшесіне жетпей, батыс бағыттағы Рысқұлов көшесінің бойында болған. Рысқұлов көшесімен батысқа қарай «Митсубиси», оның артынан «Лада приора» келе жатқан. Екі көлік те бағдаршамның қызыл белгісіне қиылыста тоқтаған. Кенеттен «Ладаның» артынан «Субару» көлігі соқтығады. «Лада» көлігі инерция бойынша алған соққыдан алға қарай қозғалып, «Митсубисиді» соғады. Субаруда екі жігіттің болғаны және олардың жол-көлік апатынан кейін белгісіз бағытқа қарай қашып кеткені туралы расталмаған ақпарат бар.
Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылып, «Лада» көлігіндегі зардап шеккен жолаушы ауруханаға жеткізілді. Куәгерлердің айтуынша, «Субару» жүргізушісінен алкогольдің иісі шыққан. Болжам бойынша ол мас күйде көлікті жүргізген. Полицейлер жол-көлік апатының мән-жайын анықтап жатыр.