12:15, 19 Маусым 2010 | GMT +5
Алматыда суда жүзуден қалалық турнир өтеді
АЛМАТЫ. Мамырдың 19-ы. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Ертең Алматыда TUBE суда жүзу клубының ұйымдастыруымен және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен жүзуден «TUBE OPEN swimming tournament - 2010» қалалық турнирі өтеді.

Бұл бәсекеге Алматы қаласы мен қырғыз елінің жүзу клубтарынан 160-тан аса адам қатыспақ.