Алматыда сұңқарларды заңсыз аулаған шетелдік екі азамат ұсталды

АСТАНА. Қазанның 20-сы. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Алматыда сұңқарларды заңсыз аулаған Таяу Шығыс елдері бірінің екі азаматы құрықталды. Бұл туралы ҚР ІІМ ресми өкілі Қуанышбек Жұманов бүгін елордада өткен баспасөз мәслихаты барысында мәлім етті.

Алматыда сұңқарларды заңсыз аулаған  шетелдік екі азамат ұсталды

Оның атап өтуінше, ҚР ІІМ Оңтүстік өңірлік ұйымдасқан қылмысқа карсы күрес басқармасының кызметкерлері Алматы облысы ІІД-нің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасымен бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында Алматы қаласында сұңқарларды заңсыз аулағаны үшін Таяу Шығыс елдері бірінің екі азаматын ұстаған.

«Олар жалға алған пәтерден Қызыл кітапқа енгізілген 8 сұңқар, сондай-ақ құстарды аулауға арналған колдан жасалған тұзақтар тәркіленді. Қазіргі уақытта бірқатар сараптама тағайындалып, қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілуде», - деді Қ.Жұманбай.

Министрлік ресми өкілінің деректеріне қарағанда, жыл басынан бері ішкі істер органдарының кызметкерлері сұңқарларды аулаудың 5 фактісін анықтап, олардың үшеуі бойынша қылмыстық іс қозғаған.