Алматыда супермаркеттегі өртті сөндірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы қаласында супермаркеттегі өрт сөндірілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің рессми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.
Еске сала кетсек, 2 ақпанға қараған түні, сағат 00:30-да Алматы қаласының өрт сөндіру қызметіне Түркісіб ауданындағы бір қабатты супермаркеттің өртеніп жатқандығы туралы қоңырау шалынған.
Тілсіз жауды ауыздықтауға 50-ге жуық өрт сөндіруші мен арнайы техника жұмылдырылды. Түнгі сағат бірде өрт сөндірілді.
Алдын ала мәлімет бойынша, өрт орнынан 20 адам эвакуацияланып, газ баллоны шығарылған.