Алматыда суретшілер көрмесі өтіп жатыр
Ы. Қыркүйектің 16-сы. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Бүгін Алматыдағы ҚР Мемлекеттік орталық мұражайында суретшілер Алексей және Маргарита Волошиналар мен Екатерина Фищуктың «Нүкте, желі, таңба...» атты көрмесі ашылды.
Мәскеулік суретші А. Волошиннің көрмеге ұсынған жұмыстарының көп бөлігі өзінің туған қаласы Алматыға арналған. Ал Е. Фищуктің еңбектері қазіргі уақыттағы ерлер мен әйелдердің бейнелерін көрсетеді. М. Волошина болса, өз картиналарында музыкалық аспаптарға, соның ішінде қазақтың ұлттық аспаптарына да көп көңіл бөлген.
«Біздің еңбектеріміз өзімізді қоршаған әлемге, адамдарға және оқиғаларға деген көзқарастарымызды білдіретін тәсілдерді көркем түрде бейнелеп жеткізеді. Біздің арамызды туыстық қатынасымызбен бірге, көркемөнер біліміміз, жаңа бейне іздеудегі талабымыз бен еңбегіміз біріктіріп тұр», деді суретші А. Волошин.
Көрмеде 40-тан астам өнер туындысы қойылған. Шара айдың аяғына дейін жалғасады деп жоспарланған.