Алматыда суретшілердің қайырымдылық вернисажы болады

АЛМАТЫ. 24 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда 2-31 желтоқсан күндері Қазақстаның арт-кеңістігіндегі әйгілі тұлғалар Марат Бекеев, Андрей Нода мен Эдуард Казарянның вернисажы болады. Суретшілердің бұл көрмесі тәуелсіздіктің құрдасы саналатын Қазкоммерцбанктің 20 жылдығы мен "Болашақ" бағдарламасының 10 жылдығына арналып отыр.
None
None

Қайырымдылық арт-жобаның бір бөлігі саналатын аталмыш шарада суретшілер, ДЦП-мен ауыратын балалар үшін шеберлік-дәрістерін өткізбек. Сондай-ақ көрме кезінде сатылған әрбір шығармаларынан түскен қаражаттың 30 пайызын "Құс жолы" қайырымдылық қорына аудармақ. Ол Қостанай қаласындағы қалалық және облыстық балалар аурханаларында емделіп жатқандарға жаңажылдық сыйлық алуға жұмсалмақ. Бұл жобаның ұйымдастырушысы Қазкоммерцбанк пен "Болашақ" ҚР Президентінің халықаралық стипендиясы стипендияттарының қауымдастығы.

Соңғы жаңалықтар