Алматыда Сүйінбай Аронұлының 200 жылдығы аталып өтті (ФОТО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында Сүйінбай Аронұлының 200 жылдығына арналған «Сөздің пірі - Сүйінбай» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Қала әкімі Бауыржан Байбек Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан құттықтау жеделхатты оқып берді.
None
None

«Ұлы Сүйінбайдың есімі әрқашан да халықтың жүрегінде және есінде болады. Ұлы ақын өз халқының тәуелсіздігін армандады және қиын-қыстау кезеңде өз шығармашылығымен жігерлендіріп отырды. Қазір тәуелсіз елде халқы оның есімін қастерлеуде, ескерткіштер тұрғызып, шығармаларын басып шығаруда, оның есімі мектептер мен көшелерге берілген. Бүгінгі шара бұған тағы бір дәлел», - делінген Президенттің жеделхаты мәтінінде.

Б.Байбек Сүйінбай мұралары Қазақстанда ғана емес, тұтастай Орта Азияға танымал, ақын мерейтойы елдің барлық түпкірінде аталып өтуде екенін атап өтті.

Еске сала кетейік, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен биылғы қыркүйек айында Жамбыл атындағы филармонияның алдында Сүйінбай Аронұлының ескерткіші салтанатпен ашылған болатын.

Шара М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында елдің еңбек сіңірген әртістері мен жетекші өнер ұжымдары қатысқан концерт бағдарламасына жалғасты.

Сүйінбай Аронұлы 1815 жылы Жетісу облысы Верный уезінде Ұзынағаш болысында (қазіргі Алматы облысы Жамбыл ауданы Сүйінбай ауылында) туған. Ақын есімімен ауылдар, мектеп, Алматы облысындағы филармония аталған, туған жерінде кесене салынып, оның алдына мүсні орнатылды және Сүйінбай музейі ашылды, Талдықорғанда ақынның қола ескерткіші тұрғызылды. Алматыда қаладан әуежайға шығатын үлкен даңғылға оның есімі берілген, Жамбыл атындағы филармония алдында ескерткіші орнатылған.

Соңғы жаңалықтар