Алматыда Сүйінбай Аронұлының «Өлең сөздің жарық жұлдызы» атты шығармалар жинағының тұсаукесері болды
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚазҰУ-дің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Профессор Сұлтанғали Садырбаевтың тікелей құрастыруымен Сүйінбай ақынның жаңа бір жыр жинағы жарыққа шығып отыр.
Жинақ сонау Лондондағы Халықаралық Абай үйінің ұйымдастырушы-жетекшісі, белгілі жазушы Роллан Сейсенбаевтың қамқорлығымен көркем безендіріліп басылған.
Профессор С.Садырбаев 50 жылдық қызметі барысында қазақ халқының фольклоры мен халық ақындары шығармашылықтары турасында дәрістер оқып, Сүйінбай мен Жамбыл сынды ұлы ақындардың әдеби мұраларын жинастырды, сонымен қатар жаңаша көзқарас тұрғысынан зерттеп, жыр жинақтарын том-том етіп бірнеше рет жарыққа шығарды. Сондай-ақ ол «Қазақ хрестоматиясы», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қыз Жібек» және «Сөз асылы - сөзде» атты кітаптардың авторы.